ИП Султанова частный детский сад «Inayat»
ИП Султанова «Inayat» жеке балабақшасы
Құрметті ата - аналар !
«Inayat» балабақшасы 2021 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Балабақшада 4 топ балалары қазақ тілінде тәрбие алады. Біздің басты міндетіміз мектеп жасына дейінгі балаларды рухани адамгершілікке, патриоттық тұрғыда тәрбиелей отырып ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға, ғылымның жетістіктеріне негізделген тұлға тәрбиелеуге тиісті жағдай жасау.
Кәсіпорынның тәрбие мен білім беру қызметі мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде дайындалған бағдарламалар мен оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.